Энергетика

Петропавл қаласында жарықдиодты шамдар орнатыла бастады

Юрий Бацанов – “Апаттық қызмет” ӨК директоры:


– Бұрын мұнда 250 ваттық шамдар болды. Қазір олар қуаттылығы 150 ватты құрайтын заманауи жарық диодты шамдарға алмастырылуда. Қуаттылығы аз болғанымен, жарық беруі жағынан кем түспейді. Есесіне, энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, түн ортасына дейін шамдар толық қуатында жұмыс істеп тұрады. Өйткені, бұл кезде адамдар көп жүреді. Ал, кейін диммер әдісінің арқасында қуаттылықтары 80 Ваттқа дейін төмендетіледі.

Жарық диодты шамдар алдағы уақытта тағы 2 көшеге орнатылатын болады. Ол – М.Жұмабаев және Жабаев көшелері. Жалпы қала бойынша 1000-ға жуық шам ауыстырылмақ. Шығыны аз, пайдасы мол саналатын шамдардың артықшылығын тұрғындар да сезініп үлгерген.

– Біздің қалада осы шамдар жуық арада орнатылды. Мен көшеде жиі қыдырамын. Маған осы шамдар ұнайды. Пайдасы да өте зор. Себебі жалғыз шамнан ғана мемлекеттен қанша ақша үнемделеді. Біздің әкімшілігімізге үлкен рахме.


– Сүтішев көшесінде осындай шамдардың орнатқанына өте қуаныштымыз. Мұның бір жақсы жері жолға да,тратуарға да сәуле жақсы түседі. Осындай жарық шамдар әр көшеде болса,кешкілік балаларға да,адамдардың жүруіне де ыңғайлы.

Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 500 млн теңге бөлінген. Айта кету керек, бұл іс “Ақылды қала” жобасы бойынша жүзеге асырылуда.