Мәдениет

Өңір өнерпаздары мен шеберлері Астанада СҚО мәдениет күндері шарасына атсалысуда

Ал, зейнетке шыққан соң Қағира Хәкімқызы қолына ине-жібін қайта ұстап, құрақ құрауды жалғастырады. Соңғы бір жылда нәзікжанды тапсырыстарды көптеп алып, қыз жасауларын дайындауда. Оның бір жинағының бағасы шамамен 60-70 мың теңгенің маңайында.

Қағира Дәуенова – тігу ісінің шебері:


– Солтүстік өңірде қыз жасауына сұраныс бар. Қазір бұл іске келінімді үйретудемін. Маған көмек көрсетеді. Болашақта соның қолына қалады.

Елордаға шебер 100-ден астам бұйым әкеліпті. Дайын тауарға мұнда қызығушылардың қатары қалың. Әсіресе, шетелдіктер, қазақ xалқының өнеріне аң-таң. Мәселен, франция елінің азаматы Батист Форньерге қазақ қызының той көйлегі ұнаған.

Батист Форньер – Франция елінің азаматы:


–  Маған қазақ xалқының ата дәстүрі ұнады, ежелден келе жатқан салтты сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат етіп отырады. Мәселен, тігінші мына жерде отырып өзгелерге шеберлік сағаттарын ұйымдастыруда. Мұндағы
заттардың барлығы да оюмен көмкерілген. Бұл қазақтың тамаша бренді ғой.

Бұдан бөлек жерлестеріміз қыш ыдыстар мен темірден және ағаштан жасалған заттарды да елордалықтар назарына ұсынуда.

Балжан Сұрағанова – СҚО музейінің экскурсия жүргізушісі:


– Музей қорынан 90-ға жуық жәдігер әкелінде. Олардың ең ерекшесі және ең көнелерінің бірі – 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында темірден жасалған дулыға. Ол біздің музейге қайдан келгенін білмейміз. Ол бас киімде арабша “Пайғамбар әрқашан сенімен бірге” деген жазу жазылған.

Айту керек,”Этноауыл” ұлттық-мәдени кешенінде орналасқан бұл көрме Астанада тамыздың 28-не дейін жалғасады.

 

Эльмира Сәдуақасова