МТРА жаңалықтары

Ивесторлар кеңесі панельдік сессиялармен жалғасты

Селекциялық жұмыстар мемлекет қаражаты есебінен жүргізіледі. Сондықтан, Ресейдің қалталы азаматтары бізден Зеңгі баба төлдерін көптеп алғысы келеді екен. Бұдан басқа солтүстікқазақстандық бизнесмендер көрші мемлекетке қант қызылшасын өткізуді ойластырып жүр. Вячеслав Адамов былтыр Шал ақын ауданында 400 гектарға аталған дақылды егіп, шикізаттың бәрін Башқұртстан Республикасына тоннасын 20 мың теңгеден өткізіп жіберіпті. Өйткені, отандық зауыттардың ұсынып отырған бағасы екі есе төмен. Бизнесмен келешекте Сергеевка қаласында зауыт тұрғызғысы келеді.

Вячеслав Адамов – “ТрансАгроИнвест” ЖШС директоры, Шал ақын ауданы:


– Зауыт тұрғызу үшін қаражат қажет. ІІ-ші деңгейлі банктен несие ала алмай отырмын. Кепіл заттың сомасы жеткіліксіз. Кәсіпорын тәулігіне 500 тонна шикізатты өңдеуге қауқарлы. Жыл сайын облыстағы осы өнімге деген қажетілікті толығымен жабуға шамамыз жетеді.

Вячеслав Адамовқа қытайлықтардан ұсыныс түсті. Аспан асты елінің азаматтары кәсіпорынға қаражат құймақшы.
Басқа жерде “Энергияның жаңғырмалы көздері және энергия тиімділігін арттыру” тақырыбында панельдік сессия өткізілуде. Мұнда солтүстікқазақстандықтар ресейлік әріптестерімен пікір алмасты.

Сергей Банных – “Энергияүнемдеу институты” МБМ директоры, РФ:


– Қазақстанның солтүстік өңірінде күн панельдері мен жел генераторларын көптеп орнатып, қуатты молынан алуға болады. Осы бағытты мықтап қолға алу керек деп есептеймін.

Шетелдік инвесторларды тартуға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы да атсалысуда. Жалпы инвесторлар кеңесі аясында өткен жиындарда барлығы
20-дан астам меморандумға қол қойылды. Оның жалпы сомасы 100 млрд теңгеге жуық қаражатты құрайды.

Берік Қасен