Бизнес және экономика

“Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасының орындалуы

Арман Ақылбеков – “Ақылбеков” ЖК директоры:

– 133 Мен барбер-шоп ашқым келеді. Яғни, онда шаштараздар шашты да алады, ер азаматтардың сақалын да қалыпқа келтіреді. Сөйтіп, шамамен, 6 адамды жұмыспен қамтымақпын. Мамандарды тауып та қойдым. Енді, екінші деңгейлі банктің жауабын күтудемін. Істі ашуға 5 млн тенге қажет. Бұл қаржыға нысанды жөндеп, интерьерін жасап, қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс беремін.

Азаматтар кәсібін “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы аясында дөңгелете алады. Ол үшін ең алдымен халықты жұмыспен қамту орталығына барып өтініш жазуы қажет. Кейін, ол кәсіпкерлерге арналған курсқа жіберіледі. Бизнес-жоба дайын болған соң, екінші деңгейлі банк арқылы несие алуға болады.

Айжан Ілиясова – Петропавл қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

– Аталған бағдарлама аясында үстіміздегі жылы қала бойынша жалпы сомасы 336 млн теңгеге 76 несие беру жоспарланған. Ал, бізге осы уақытқа дейін 127 адамнан өтініш түсті. Ұсынылған жобалардың көбі ауыл шаруашылығына қатысты.

Жалпы, жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 30 адам кәсіпкерлік негіздері курсын тәмамдаған.

 

Эльмира Садвокасова