Әр түрлі

Петропавл қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Есмағзұм Байбосынов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

– Үстіміздегі жылдың 6 айында қала қазынасына 6 млрд 171 млн теңге түсуі керек болатын. Жоспар асыра орындалды. Бюджетке 62,5 млн теңге артығымен түсті. Әдеттегідей, әлеуметтік салықтардың үлесі басым.

Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің айтуынша, қала халқының саны артып келеді. Елімізде жанар-жағармай мен құрал-саймандардың бағасы көтерлуде. Соған байланысты қатты тұрмыстық қалдықтарды шаһардан шығарумен айналысатын компаниялар қызмет ақысын көтеруді сұрайды.

Даулет Ташкенов – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

– Қазіргі таңда облыс орталығында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 5 ұйым айналысады. Олар қызметтері үшін жан басынан 155-175 теңге алады. Бұл тариф 2014 жылы бекітілген. Қазіргі таңда осы іспен айналысатын компаниялардың шығындары ұлғайып кеткен. Олар тарифті 235 теңгеге көтеруді сұрайды.

Тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелер еңбек өнімділігінің артуы жөнінде нақты мәліметтер ұсына алмады. Соған байланысты кеңес мүшелері бұл сұрақты кейінге қалдырды.

Берік Қасен