Құқық қорғау органдары

Парасатты полцей – 2017

«Парасатты полицей» байқауына солтүстікқазақстандық ІІО-дары қатысып отырған жоқ. Шарт солай. Себебі, жергілікті полицейлер кейінгі жылдары бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрініп, жеңімпаз атанды. Биыл республикалық сайысты ұйымдастыру құрметі бұйырған. Ауқымды шара ҚР ІІМ-нің қолдауымен 8-ші жыл өтуде.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

– Біздің полицейлеріміз орысша, қазақша еркін сөйлейді. Себебі күнделікті халықпен жұмыс жасайды. Жан жақлықтарын көрсетуі керек. Рухани білімділігі мен біліктілігін көрсетуі керек. Қазір дәрежесі жоғарылады байқаудың. Бүгін жұмыс барыстарын емес өнерлерін көрсетеді.

Бірінші кезеңде полицейлер – ІІО-ның 25 жылда жеткен жетістіктері мен кәсіби қызметте қазақ тілінің қолданылуын көрсете отырып команданы таныстырулары шарт. Алматы қалалық ІІ-нің «Ұлы дала сақшылары» құрамасына бұл қиынға соққан жоқ.

Олар Алматыда өткен қысқы универсиадада күшейтілген режімде қызмет атқарды. Қауырт уақытта шаһардың тыныштығын қамтып қана қоймай, шетелдіктерді қазақтың тілі және салт-дәстүрімен де таныстырып үлгерген екен. Бүгін бұл сахнадан әдемі көрініс тапты.

Санжар Рахымбергенов, Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Криминалдық полицияның қызметі қауіпті, әрі ауыр. Сонысымен де қызықты. Бүгін жеңіске жеткіміз келеді.

Сайыстың келесі кезеңі – ән байқауы. Үздік туынды Полиция әнұраны ретінде таңдалып алынады. Кейін құрама жетекшілері – ел заңдары мен көрікті жерлерін, мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді. Бұның барлығын қалт жібермей қадағалап отырған қазылар алқасының құрамы да осал емес.

Бүгін өзге ұлт өкілінен шыққан ең үздік қызметкер де анықталады. Бұл аталымды иелену үшін қызылордалық «Сыр сақшылары» құрамасы тыңғылықты дайындалғанға ұқсайды.

Борис Угай, Қызылорда облысы ІІД жедел басқару орталығының басшысы:

– 2003 жылдан бері ІІО-да жұмыс істеймін. Командамызда мен кәріспін, украин азаматы да бар. Сахналық қойылымымыз көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Қазақстан Полициясының 25 жылдығына арналған республикалық байқаудың жеңімпаздары тамыздың 25-і күні анықталады.

 

Акбопе Танирберген