Білім

Өңірімізде республикалық “Мектепке жол” акциясы жалғасуда

Кеңес Мұқышев – «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Жыл басынан партияның облыстық және қалалық қабылдауларына 100-ге жуық ата-ана келіп көмек сұраған. Олардың өтініштерін жеке кәсіпкерлер, депутаттар мен бастауыш партия өкілдеріне жібердік.

Айгүл Тоқпанова 11 жасар қызын жалғыз өзі өсіруде. Көктем кезінде нәзікжанды қоғамдық қабылдаулардың біріне келіп, өтініш жазыпты. Енді, міне, қызы Лаура мектепке дайын. Бүгін 6-шы сынып оқушысына кеңсе тауарлары мен сөмке табыс етілді.

Лаура Тоқпанова – “әл-Фараби” мектеп-лицейінің оқушысы:

– Мен 6-шы сыныпқа барамын. Осы оқу жылы үздік оқушы болғым келеді.

Өткен жылы қайырымдылық шара аясында “Нұр Отан” партиясының белсенділерімен қалада 110 балаға көмек көрсетілген. Еске сала кетейік, 1-ші тамыз күні бастау алған “Мектепке жол” акциясы ағымдағы жылдың 30-шы қыркүйегіне дейін жалғаспақ.

 

Эльмира Садвокасова