Мәдениет

Астанада СҚО мәдениет күндері бастау алды

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Бұл қолжазба өте құнды. Аштық жылдарында жазған М.Жұмабаевтың хаты.

Сондай-ақ, елордалықтар өңір тарихымен жақынырақ этноауыл ұлттық-мәдени кешенінде таныса алады. Мұнда солтүстікқазақстандықтар киіз үй құрып, ерекше экспонаттарды орналастырған. Мәселен, мына жәдігерлер 16-17-ші ғасырға тиесілі.

ГүлжауҺар Сәдуақасова – СҚО музейінің экскурсия жетекшісі:

– Өте құнды деректер бар. Ерте кездегі халқымыздың салт-дәстүрінен хабардар ететін жәдігшерлер әкелдік.

Жалпы мұнда тарихқа толы 90-нан астам құнды жәдігер әкелінген. Оларды Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары тамыздың 28-не дейін тамашалай алады. Бұдан бөлек, елордалықтардың назарына теріскейлік әртістер түрлі қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұсынады.

 

Акбопе Танирберген