Әр түрлі

Аққайың ауданында 316 адамға әлеуметтік қызметкерлердің көмегі көрсетілуде

Бірақ, басты жетістігі ол емес. Соңғы жарты жыл ішінде Абылай өзінің алғашқы қадамдарын жасай бастаған. Әзірге, аяғына нық тұрмаса да үлкендер көмегінсіз жүруге тырысады. Бибісара Сейтқасымқызының бүлдіршіндермен жұмыс істеудегі тәжірибесі мол. Ол 20 жылдай білім саласында қызмет атқарған. Ал, әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істегеніне 13 жылдай болыпты.

Бибісара Есенбекова – әлеуметтік қызметкер, Аққайың ауданы:

– Абылайды мен 2 жасынан білемін. Сол уақыттан бері жеткен жетістіктеріміз көп. Қазір әріптерді де білеміз, санауды да үйрендік. Біздің жұмысымыздағы бірінші мақсат – баланың жүрегіне махаббат ұялату. Олар өздерін барлық баламен тең сезінуі қажет.

Бибісара Есенбекованың қамқорлығында бүгінде 5 бүлдіршін бар. Барлығын нәзікжанды өз баласындай жақсы көреді. Абылай да әлеуметтік қызметкерді туғанындай көріп, “әже” деп атайды.

Аққыз Таджыбаева – Абылайдың нағашы әжесі:

– Абылай Бибісара Сейтқасымқызын өте жақсы көреді. Оның келгенін әрқашан асыға күтеді. Қуана қарсы алады. Өз басым ол кісіге өте ризамын.

Жалпы, Аққайың ауданы бойынша 316 адам әлеуметтік қызметкердің көмегіне мұқтаж. Олардың 95 пайызы – жалғызбасты қарттар. Бұл жандарға мамандар аптасына кемінде екі рет барып, көмек көрсетеді. Бастысы – әрбіреуінің бабын таба білу керек. Бұл үшін олар әрдайым біліктілікті арттыру курстары мен түрлі семинарларға қатысады.

Людмила Иванова – Аққайын ауданы әкімдігі үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі:

– Әлеуметтік қызметкерлер өздерін жан-жақты дамытып, басқа да жоғары білім алуларына барлық жағдай жасалады. Сондай-ақ,2018 жылдан бастап мамандар 3 жылда бір рет біліктіліктерін арттырып, аттестациядан өтетін болады. Бұрын бұндай шаралар 5 жыл ішінде бір жүргізілетін. Бұған қоса, алдымыздағы жылы сала мамандарының бірыңғай базасы іске қосылады. Яғни, ол жерде қызметкердің білімі, еңбек өтілі сынды ақпарат жазылады. Сонда әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар өздері қалаған адамды таңдай алады.

Педагог, психолог пен дәрігер. Дәл осы мамандық иелері әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істей алады екен. Мәселен, Аққайың өңірінде 65 осындай маман бар. Олардың 17-сі – Смирново селосында.

 

Эльмира Садвокасова