Құқық қорғау органдары

Пробация қызметінде тіркеуде тұрғандар – қатаң бақылауда

АЛМАГҮЛ СЕЙІТОВА – МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

– Бұл ер азамат соттың шешімімен әкімшілік-аумақтық учаскеден ешқайда шықпай, пробация қызметінде тіркеулі тұрғылықты мекен жайынан кетпеуі керек. Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасамауы тиіс болатын. Бірақ, бұл талаптардың ешқайсысын да орындамаған. 9 бірдей заңбұзушылық жасаған. Оның ісі сотқа жөнелтілді.

Бүгінгі ашық сот отырысында аталған азаматты 1 жыл 4 ай 25 күнге қамауға алу туралы шешім шығарылды.

СОТТАЛУШЫ:

– Теперь, что я думаю? Поеду срок сидеть, что я думаю? Отсижу год и пять… И будет проще. Ну, для меня это ограничение, я считаю – свобода в кредит.

Мамлют ауданында пробация қызметінде тіркеудегілер арасында полицейлер ұдайы рейдтер өткізіп тұрады.

БАХЫТЖАН СМАЙЫЛОВ – МАМЛЮТ АУДАНЫ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Мамлют ауданында 313 тұлға есепте тұр. Оның 20-сы – пробация қызметінде, 9-ы – мерзімінен бұрын босатылғандар. 17 адам – бұрын сотталғандар.

“Есепте тұрғандар” акциясы өткен 4 күн ішінде Солтүстік Қазақстандағы бұрын сотталған 2 мыңнан астам азамат тексерілді. Оның 254-і – мерзімінен бұрын босатылғандар. Олардың тарапынан 13 заңбұзушылық тіркеліп үлгеріпті.

Акбопе Танирберген