МТРА жаңалықтары

Өңір ұжымдары елордада өтетін СҚО-ның мәдениет күндеріне қызу дайындалуда

Тоймырза Абашев – “Есіл әуендері” ансамблінің мүшесі, Есіл ауданы:

– Біздің негізгі бағытымыз – халық әндерін орындау. Елордаға үш өлең алып бармақпыз.

Жалпы Астанадағы СҚО-ның мәдениет күндері 4 алаңда өтпек. Оған 400-ге жуық әртіс жұмылдырылмақ. Концерттік бағдарламалар үш тілде: қазақша, орысша және ағылшынша жүргізіледі. Шарада “Әлқисса” фольклор-этнографиялық ансамблі және “Туған жер” халық би ансамблі, “Айнар” вокалдық тобы сынды облыстың танымал ұжымдары өнер көрсетіп елорда тұрғындары мен қонақтарын қуантпақ.

Таңат Бейсенбаев – облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығының бөлім басшысы:

– Этноауылда 3 сағатты бағдарлама әзірледік. Онда өңірдің танымал ұжымдары өнер көрсетеді.

СҚО-ның Мәдениет күндері тамыздың 27-і күні ЭКСПО аумағындағы Амфитеатрда өтетін “Қызылжар елі” атты ауқымды гала-концертпен аяқталады. Шарада өңірдің үздік ұжымдарымен қатар қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді.

 

Риат Шони