Ауыл шаруашылығы

Аққайың ауданында жер емген диқандар орақ науқанына шығуда

Серіктестік бұл алқаппен мақтана алады. Себебі, жылда осы жерге еккен дақылдары бітік шығады. Тіпті, егіс алқабына 1984-ші жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Николай Пантеленконың есімі де берілген.

Бұнда сіңірілген рапс – германдық Модиль сұрпы. Ол 90 күнде піседі. Майлылығы 45-46 пайызды құрайды. Серіктестіктегілер рапсты құлатып болғаннан кейін, оның толық жетілуіне уақыт береді. Кейін оны бастырады. Майлы дақылдардан бөлек диқандар алғашқы себілген бидайды да бүгін дестелеуге шығыпты.

Виктор Самойленко – “Иван Зенченко” ЖШС бас агрономы, Аққайың ауданы:

– “Иван Зенченко” ЖШС-нің иелігінде жалпы 15 мыңға жуық гектар егіс алқабы бар. Биыл 4 мыңына – майлы дақылдар, 8 мыңнан астамына – бидай, 1 мыңына арпа дәні сіңірілді. Рублевка елді мекенінде мал шаруашылығы кешені салынып жатқандықтан 400 гектарға күнбағыс егілді. Кейін одан сүрленген азық алынады. Тағы 4 мың гектар жерді парға қалдырдық. Биыл 1 мың тонна минералды тыңайтқыш алып, оны алқаптарға толық сіңірдік. Жалпы, бізде жылда бидайдың бір гектарының берекелігі 25 центнерден айналады.

Серіктестіктегілер ауа райы қолайлы болса орақ науқанын үш аптаның ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Жалпы Лесной ауылдық округінде бүгінде 4 агроқұрылым өсімдік шаруашылығымен айналысады. Мұнда 21 мың 430 гектар егіс алқабы бар. Оның 6 мыңына майлы дақылдар егілген. Қазір диқандар аталмыш дәндер мен бұршақ тұқымдастарды құлату үстінде. Бір-екі күнде жаппай бидайды оруға кіріспек.

Қайрат Бабақов – Лесной селолық округының әкімі, Аққайың ауданы:

– Біз жыл сайын егіс алқаптарының 20 пайызын парға қалдырамыз. Жалпы биыл аграрийлердің барлығы минералды тыңайтқышты дер кезінде алды. Мемлекет оның 50 пайызын субсидиялады.

Жалпы Лесной селолық округының диқандары ауа райы оң қабақ танытып жатса егін ору науқанын қыркүйек айының соңына дейін толық аяқтауды жоспарлап отыр.

 

Риат Шони