Әр түрлі

Тамыздың 24-і мен 27-і аралығында Астана қаласында өңіріміздің мәдениет күндері өтеді

Мейрам Сексенбаев – Облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– Ертегіде жақсылық пен жұлымдықтың тартысы бар. Әрине, соңында жақсылық жеңеді. Астаналық балаларға ұнайды деген ойдамын.

Спектакль ақын әрі жазушы Бике Құлыншақованың «Даланың ақ қызы» атты ертегісінің желісімен сахналанған. Идеяны жүзеге асыруға ресейлік режиссер Евгений Пермяков ат салысыпты. Қойылымға театрдың 8 әртісі қатысады.

Сапар Мәпенов – Облыстық қуыршақ театрының актері:

– Солтүстікқазақстандық көрермендерге бұл қойылымды талай рет ұсындық. Алайда, әрбір сахнаға шыққан сайын бойымызда қобалжу болады. Қазір қызу дайындық жүргізудеміз. Әртістеріміздің барлығы жандарын салып, спектакльді әзірлеу үстінде.

Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері ағымдағы айдың 24-і мен 27-і аралығында Елордамызда өтеді. Теріскейлік әртістер әзірлеген қойылымды шаһар тұрғындары мен қонақтары Астаналық қуыршақ театрында тамашалай алады.

Эльмира Садвокасова