МТРА жаңалықтары

Петропавлда тропикалық жануарлар мен құстардың көрмесі өтуде

Ақбөпе Тәңірберген:

– Жасыл қанатты ара мұндағы тоты құстардың ішіндегі ең кәрісі. Жасы 15-те. Негізінен 50 жылға дейін өмір сүреді. Өзге құстардан тағы бір ерекшелігі сөйлей алатындығы. Бірақ, бізге әлі үйреніп үлгермеді ме аузынан сөз ала алмадық.

Мына маймыл балақайларды әбден қызыққа кенелтті.

Мамандардың айтуынша, оның ойлау қабілеті 3 жастағы баланыкімен бірдей. Келешекте бірқатар сөздерді де үйретуге болады деп отыр.

Ақбөпе Тәңірберген:

– Ақ қолды гиббон маймылы 4 жаста. Есімі – Боня. Негізінен тропикалық аймақтарда өмір сүретін жануар 2 мың метр биіктікке дейін өрмелей алады. Шапшаң, жылдам маймыл бүгін петропавлдық балалардың қызығына айналды.

Скунс, жанат, маймылдар тордың ішінде тыпыршып жүр. Құстар әнге басқан. Ешкімде шаруасы жоқ мына кинкажу ғана. Ұйқыдан бас алмады. Америка ормандарын мекендейтін гүл аюы түнде жортып, күндіз ағаш қуысында ұйықтап жатады екен. Оған қалың терісі мен дәмді еті үшін аңшылар құмар. Мексикада ең көп танылған үй жануары.
Бұл жануарлардың Қазақстанда тұрақты мекен жайы жоқ. Жыл он екі ай еліміздің әр қаласын аралып балақайларды қызыққа бөлеп жүреді.

Алина Ирёмина, көшпелі зоопарк қызметкері:

– Барлық жануарлар Қазақстандағы әр түрлі тәлімбақтан сатылып алынған. Игорь Холодора деген азаматтың жинағы. Бірінші бірнеше құс асырап кейін көбейте берген. Елді аралап жүргенімізге 6 жыл болды. Жұмысымыз қызықты. Жануарлар көбіне жеміспен қоректенеді. Тукандар тек банан жейді. Құрамында темірі бар азықты бермейміз. Өзге құстар алма, жаңғақ жесе, жануарларға балалар ботқасын береміз.

Тропикалық құстар мен жауарлар көрмесі қаламызда 17-қыркүйекке дейін тұрақтайды. “Семейный” гипермаркетіндегі “Киндерлэнд” балалар ойын-сауық орталығында орналасқан. Билет құны балалар үшін – 800, ерексектерге – 1000 теңге. 4 жасқа дейінгі бөбектерге кіру тегін.

 

Акбопе Танирберген