Әр түрлі

Биыл “ҚазТрансОйл” АҚ құрылғанына 20 жыл толды

Қайрат Райымбеков – “ҚазТрансОйл” АҚ Шығыс филиалы “Петерфельд” желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының басшысы:

– Біз Ресей жақтан құбыр арқылы келген мұнайды Қазақстанның өңірлеріне және Қытай мемлекетіне жөнелтеміз. Құбырды қауіпсіз жағдайда пайдаланып, уақытында жөнжеу жұмыстарын жүргіземіз.

Салтанатты жиында ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбектенгендер марапатқа ие болды. Тілеген Қожахметов те үлгілі қызметкерлердің қатарында. Ол мұнай құбырлары жүйесінде 20 жылдан артық жұмыс істейді.

Тілеген Қожахметов – “ҚазТрансОйл” АҚ Шығыс филиалы “Петерфельд” желілік өндірістік-диспетчерлік станциясының механигі:

– Мен ақауы бар құбырларды жөндеймін. Жұмысшыларды көлікпен діттеген жерлеріне жеткізіп тұрамын. Қызметіміз жауапты.

Биыл “ҚазТрансОйл” АҚ құрылғанына 20 жыл толды. Жиналғандарды аймақ басшысының атынан СҚО әкімі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожаxмет құттықтады.

Мадияр Қожаxмет – СҚО әкімі аппаратының жетекшісі:

– “Петерфельд” желілік өндірістік-диспечерлік станциясы – тұрақты даму динамикасын көрсетіп келе жатқан отандық кәсіпорындардың бірі. СҚО-ның өркендеуіне үлес қосуда. Компания тұрақты түрде Петропавл қаласындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға демеушілік жасайды. Өндірістік қуаттарыңыз артып, жұмыстарыңыз жемісті болсын!.

Салтанатты жиналыста құрметті зейнеткерлерге де ілтипат көрсетілді.

Қазіргі таңда “ҚазТрансОйл” АҚ Шығыс филиалы “Петерфельд” желілік өндірістік-диспетчерлік станциясында 123 адам еңбек етеді.

Берік Қасен