Спорт

Петропавлда бұқаралық коньки тебу маусымы ашылды

Асыл Жанғали:


–  Әпкемізбен жүргенде көп құлайтынбыз. Енді қазір өзіміз коньки тебе аламыз. Мұнда біз жиі келіп тұрамыз. Бізге коньки тепкен ұнайды.


Айым Жанғали:

– Мен мұнда әпкелеріммен жиі келіп тұрамын. Бұл жерде мен жаңа достар тапқып келеді. Мұнда конькиді жақсы тебетін адамдар көп. Солардан үйренсем деймін.

Спорт сарайында коньки тебемін дейтіндердің қарасы қалың. Үлкенді-кішілердің бәрі осында.

Күн сайын спорт сарайына 1 мыңнан астам адам келеді. Олардың дені коньки тебуге қызығушылық танытуда.

Сергей Мелехов – “Олимп” ОБЖСМ директорының орынбасары:

 


–  Бұқаралық коньки тебу маусымы жақында ғана ашылды. Бұл әлі 3-ші сеанс қана. Келушілердің саны күн санап артып келеді. Қазір мұз жабындысының да жағдайы жақсы. Өйткені, жөндеу жұмыстары кезінде біз оны жаңадан құйдық. Мұз айдынынна кіру құны да сол қалпында қалды. Ересектер үшін – 500, балаларға – 300 теңге. Ал, конькиді жалға алу үлкендер үшін 400 теңге болса, кішкентай келушілер 250 теңгеге ала алады.

Әзірге, солтүстікқазақстандықтар конькиді тек демалыс күндері кешкі сағат 6 мен 7-і аралығында ғана тебе алады. Себебі, жаз айларында аталған бұқаралық спортқа қызығушылардың саны аз дейді спорт сарайының әкімшілігі. Қазір мұз айдынына 100-ден астам адам келсе, қыс мезгілінде олардың саны 200-ден асады екен.

Айгерим Ержанова