Мәдениет

Биыл КСРО Халық әртісі Муслим Магомаевтың туғанына – 75 жыл

Атақты композитор Абдул Магомаевтың немересі. Өнерпаздар әулетінде тәрбиеленген ол
жастайынан осы салаға талпынды. 19 жасында халықаралық конкурсқа қатысып, жұлдызы жаныпты. Баритон дауысымен әлемге танылған. Опера, эстрада әндерін алыс шет еледердің белді сахналарында шырқаған. Жеке репертуарында 600-ден астам ән болған. Соның бірі – көпке таныс “Надежда” шығармасы.

Биыл Муслим Магомаевтың туғанына – 75 жыл. Айтулы датаға орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада слайд-концерт өтті. Оқырмандар орындықтарға жайғасып, ерекше дауыс иесінің әнін тыңдады. Өмірбаянынан аз-кем ақпарат алды.

Наталья Чуряк – С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкері:

– Муслим Магомаев – Кеңес Одағының, Әзірбайжанның және Ресейдің опера және эстрада әншісі, КСРО-ның Халық әртісі. Көзі тірісінде «Низами», «Поёт Муслим Магомаев» және «Москва в нотах» деген фильмдерде түскен. 20-дан астам әннің авторы, бірнеше фильмге ән жазған. Оның есімі, тіпті, Күн жүйесіндегі астероидтардың біріне берілді.

Ерекше дауы иесі кезінде миллиондарды мойындатқан. Осы күні тыңдармандарының қатары сиреген жоқ. Муслим Магомаев өмірінің соңғы жылдары Мәскеуде тұрып, 2008 жылы 66 жасқа қараған шағын дүниеден өтті. Бүгінде С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана қажетті техникалармен жарақтандырылған. Осында келіп, бос уақытты әуезді ән тыңдап өткізуге болады. Өнер бөлімініде қазақ композиторлары мен әншілерінің шығармалары да бар. Келешекте мұндағылар этнобұрыш ашпақшы екен.

Берік Қасен