Құқық қорғау органдары

50 солтүстікқазақстанды қаржы пирамидаларына алданған

Әсет Жүкенов – СҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы:

– Бірнеше ондаған солтүстікқазақстандық компания өкілдеріне сенген. Көбі 90 евродан салым салған. Шарт бойынша жинақтау жүйесіне қатысу үшін әр клиенттің шотында осыншама сома жатуы тиіс екен. Облыс орталығында шамамен аты жоқ осындай кеңселердің бесеуі бар. Компания клиенттеріне бірнеше пакет ұсынады. Өнімдерін жарнамалау мақсатында семинарларды жиі өткізіп тұрады екен.

Қосымша табыс табуға ниетті тұлға өзімен бірге басқа адамдарды ертіп әкелуі тиіс екен. Оларды ақша салуға көндіруі керек. Бір сөзбен айтқанда, қаржы пирамидасы.

Келісім бойынша клиент өз атына ашылған депозитті кез келген уақытта жабуға құқылы. Алайда, оның бәрі қағаз жүзінде ғана орындалған. Алаяқтарға алданған жерлестеріміз мамыр айынан салымдарын ала алмай жүр. Осы іске қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Әсет Жүкенов – СҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы:

– Қитұрқы жоспарларына қарағанда, ол компаниялардың жұмысы қаржы пирамидаларына ұқсайды. Алаяқтар тұрақты жұмысы жоқ жеке тұлғалардан ақша жинаған. Түрлі сылтаулармен қаражаттарын кері қайтармаған.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары 50 солтүстікқазақстандықтың алданғандығын анықтады. Алда бұл тізім толығуы мүмкін. ІІО-дары күмәнді ұйымдарға ақша салған тұлғаларға хабарласуларын сұрайды.

Берік Қасен