Спорт

“Құлагер” ХК ойыншылары ізбасарларына шеберлік сағатын өткізді

Тамерлан Кудияров 9 жаста. Хоккейге ол осыдан 3 жыл бұрын келіпті. Бұл уақыт аралығында жас спортшы түрлі деңгейлі жарыстарда бағын сынаған. Олардың әлі ауыз толтырып айтатын жетістіктері аз. Десе де, балалар «Құлагер» клубындағы ағалары сияқты жеңімпаз болғылары келеді. Мәселен, кішкентай Тамерлан үшін Ильгиз Нуриев – үлгі.

Тамерлан Кудияров – «Құлагер-2008» ХК ойыншысы:

– Мен хоккейге 5 жасымда келдім. Астанаға, Екібастұзға және Өскеменге жарысқа бардым. Мен болашақта Александр Овещин сияқты болғым келеді.

Мұндай шеберлік сағатын құлагерліктер алғаш рет ұйымдастыруда. Алдағы уақытта олар дәл осындай тәжірибе алмасу сабақтарын дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.

Олег Гущин – «Құлагер» ХК жаттықтырушысы:

 


–  Қазір біз жаңа маусымға қызу дайындық үстіндеміз. Бір аптадан кейін Қазақстан кубогы үшін талас басталады. Жеңіске жетуге тырысамыз. Өйткені, былтырғы кубокты біздің команда иеленген болатын. Ал, тұрақты чемпионатта биыл үздік үштікке ену жоспарда бар. «Құлагер» клубының кішкентай мүшелері үлкен ағаларынан үлгі алса деймін. Соларға қарап олар жақсы нәтижеге қолжеткізе алады.

Айту керек, кішкентай құлагерліктер қатысатын жарыстар күз мезгіліне жоспарланып отыр. Қазір олар шынығып, мұз айдынында қызу дайындық жүргізуде.

Айгерім Ержанова