Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда 7 шақырым құбыр алмастырылуда

Мұндай жұмыс аталған көшенің 2,8 шақырымына жүргізіледі деп жоспарланған. Айту керек, жаңа құбырлардың қолданылу мерзімі мерзімі – 25 жыл.

Нұрлан Мұртазин – «1-ші жылу магистралі» учаскесінің басшысы:

– Бұл учаскеде «Ақмола энергия жөндеу» серіктестігі жұмыс жасауда. Мұнда 800 текше метр бетон құйылды. Бүгінде жалпы жоспардың 40%-ы тындырылған. Қазір учаскеде 85 адам еңбектену үстінде.

Құбыр алмастыру жұмыстары Петропавлда қазанның 15-не дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұл уақытқа дейін мамандар 7 км жылу магистралін жаңартулары қажет. Аталған мақсатқа республикалық бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Александр Захарьян – «Петропавл жылу желілері» ЖШС бас инженері:

 

–  Мұның бәрі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылуда. Қазір қаламыздағы екі жылу магистралі жаңартылып жатыр. Біреуі Мир-Хименко көшелерінің қиылысында, екіншісі – Алтынсарин көшесінде. Бұл «Жас Өркен» шағын ауданының тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету үшін жасалуда.

Бүгінде жылу желілерін жаңарту жұмыстары қалалықтарды ыстық судан тыйып отыр. Қазір жылы судан облыс орталығындағы 13 әлеуметтік нысан мен 76 көпқабатты тұрғын үй ажыратылған. Қыс мезгілінде құбырлардан ақау шықпас үшін тұрғындарға осындай уақытша ыңғайсыздыққа көнуге тура келеді.

Айгерим Ержанова