Қылмыс

Мамлют ауданында 50 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

МАРАТ ӘБІЛҒАЗИН – МАМЛЮТ АУДАНЫ ІІБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Біз шұғыл түрде жедел-іздестіру іс-шараларын қолға алдық. Әкімдіктің күшімен жергілікті елді мекендер маңында іздестіру жұмыстары жүргізілді. Оған 80-ге тарта адам жұмылдырылды. Іздестіру аумағы 20 шаршы шақырымды құрады.


Жедел-іздестіру шаралары барысында келіншектің денесі село маңынан табылды. Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарын сұрастырып, күдіктінің ізіне түсті. Куәгерлердің сөзінше, олар әйелді соңғы рет 27 жастағы жігіттің көлігіне мініп жатқанында көрген. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, әйел денесінен адам соққыларының ізі табылған. Бірақ, құрықталған жігіт мұны мойындамай отыр. Оның айтуынша, ол нәзікжандыны көлікпен байқаусызда қағып кеткен.

КҮДІКТІ:

– Мен көліктен шығып, дәрі-дәрмек қорабын алдым. Қолын алып қарап едім, тамыры соқпайды екен.


Істің анық-қанығы әлі белгісіз. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Азаматтың кінәсі дәлелденсе ҚР ҚК-нің 99 бабы бойынша 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Эльмира Садвокасова