Өнеркәсіп

“СП Петропавл трактор зауыты” келер жылы 50 трактор құрастырмақ

Сергей Шинкаренко – “СП Петропавл трактор зауыты” ЖШС бас директоры:

– Аталған техниканың 10 данасы дайын. Бұдан бөлек, қазір біз роторлы шөб шабу кешенін сынап жатырмыз. Оларды келер жылы танап басына шығаруды жоспарлаудамыз.

Сондай-ақ, келесі жылдың көктемінде өңір алқаптарында жаңа тұқым сепкіштер жұмыс жасамақ. Қазір зауыт мамандары аталған жоспарды жүзеге асыру үшін тер төгуде. Көктемге дейін мұндағылар бұл техниканың онын құрастырмақшы.

Әсет Қазияқпаров – “СП Петропавл трактор зауыты” ЖШС құрастырушы-ұстасы:


–  Техникаға бала кезімнен жақынмын. Мында трактор мен кешендер жинап жатырмыз. Жұмыс жақсы жүріп жатыр. Өзім қазір егін егу кешенін құрастырып жатырмын. Детальдары көп. Техниканы жинауға 2-3 апта кетеді.

Қазіргі таңда солтүстікқазақстандық мамандар ресейліктермен бірлесіп ауыл шаруашылығы техникаларын жетілдіру бағытында еңбектенуде. Омбылық «АгроКараван» құрастұру бюросының қызметкерлері жерлестерімізге заманауи сепкіш аппаратын техникаға орнатуды ұсынып отыр.

Игорь Тимофеев – «АгроКараван» құрастұру бюросының директоры, РФ:


–  Бұл құрылғы жиналған немесе себілген дақылдың нақты мөлшерін көрсетеді. Грамына дейін дәлме-дәл. Өйткені, бұл аппаратты жинау үшін біз 3 жылға жуық еңбектендік. Сынақтан да бірнеше мәрте өткіздік. Келе-келе кемшіліктерін түзеп, осындай заманауи құрылғы жасап шығардық.

Омбылықтардың ұсынысы солтүстікқазақстандықтардың тарапынан жауапсыз қалмады. Зауыт басшылығы ресейліктермен меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға келісімін берді.

Қазір кәсіпорын мамандарыда қызу еңбек етуде. Өйткені, келер жылға дейін белгіленген жоспарды орындау қажет. 2018-ші жылдың көктеміне дейін олар 50 трактор мен дәл осынша кешен құрастырулары қажет. Ал, көздеген мақсатқа жету үшін өндіріс ошағын кеңейту керек. Сол себепті, қазір зауыт алаңында екінші құрастыру цехының құрылысы аяқталуға жақын. Қысқа дейін нысан іске қосылатын болады. Әзірге, ғимаратқа жылу тарту мәселесі шешілу үстінде. Егер де аталған өндіріс орны жұмысын бастаса, онда зауытта тағы 40 шақты адам екі қолға бір күрек табады деп көзделіп отыр.

Айгерім Ержанова