Құқық қорғау органдары

Петропавлда полицейлер саяжайларда рейд өткізді

Қоқысты қаттауға тыйым салынады. Егерде біреулер осылай жасап жатқандығын көрсеңіз полицияға хабарласуыңызға болады. Кейін біз өзіміз шара қолданамыз.

Складировать – запрещено, мусор. Если вы увидите, что кто-то складирует мусор – можете обратиться в полицию, записать номера и уже дальше мы будем принимать меры.

Рейдтік шара барысында тәртіп сақшылары саяжай учаскелерінің төрағаларымен, күзетшілермен әңгімелесті. Полицейлер бірнеше сағаттың ішінде мұнда абаттандыру ережелері бұзылғандығын анықтап, 6 әкімшілік хаттама толтырды. Құқықбұзушыларға ескерту жасалынды.

Бахтияр Сәдуақасов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы:

– №13-ші учаскелік полиция пунктінің аумағында 28 саяжай қауымдастығы орналасқан. Біз күн сайын бұл жерлерде алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Оларға учаскелік полиция инспекторларының және полиция пункттерінің байланыс нөмірлері берілді.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің “Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу” бабы бойынша 1200-ден астам құқықбұзушылықты анықтады. Бұдан бөлек, ұсақ бұзақылық үшін 300-ден артық әкімшілік хаттама толтырған.

 

Риат Шони