Білім

Өңір педагогтары тамыз кеңесіне дайындалуда

Биылғы кездесу облыс орталығында тамыздың 23-і күні өтпек. Бұл жайында өңірдің бас ұстазы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді. Тамыз кеңесінің жаңашылдығы старт-ап жобалардың енгізілуі болмақ.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:


–  Биылғы жылдың ерекшелігі ол – мұғалімдер арасында старт-ап жобалар сайысы өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша пленарлық жиын өтеді.

Бұдан бөлек кеңесте жаңартылған білім беру жүйесі де басты тақырып болмақ. Биыл бұл тың өзгеріс 57 мектепте іске аспақ. Аталмыш білім ұяларының 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып оқушылары жаңа жүйемен оқытылады. Онда 99 мұғалім арнайы курстардан өтіп, бүгінде физика, химия, биология және информатика пәндерінен факультатив беруге дайын.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:


–  Жаңартылған білім беру жүйесі көшудің негіздері жайында сөз қозғалады. Және оқушыларды бағалау критерийлері қандай болатындығыда айтылады. Өйткені 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып оқушылары жаңа жүйемен оқытылмақ.

Тамыз кеңесінде педагогтарға да сыйлық қарастырылған. Түрлі марапаттардан бөлек, ауқымды шарада “СҚО білім саласындағы 100 жаңа есім” атты кітаптың тұсауы кесілмек. Оған өңірде аталған жүйенің дамуына сүбелі үлесін қосқан педагогтар мен қатар меценаттар да енбек. Оларды арнайы құрылған комиссия іріктеген.
Жалпы облыс педагогтарының жиыны республикалық тамыз кеңесінен кейін өтеді. Ел бойынша бұл ауқымды шара осы айдың 21-22 күндері өтпек.

 

Риат Шони