Әр түрлі

Облыста ресми түрде тіркелген 14 қатты тұрмыстық қоқыс полигоны бар

Бірақ, мамандардың айтуынша бұл жерде олқылықтар баршылық. Бұнымен жақын маңдағы елді мекен тұрғындары да келіседі. Ауылдағы ағайын қоқыс алаңы үнемі жанып, түтіндеп жатады дейді. Оның басты себебі – тиісті жұмыстардың жүргізілмеуі.

Азамат Бектасов – СҚО экология департаменті басшысының орынбасары:

– Жеке және заңды тұлғалардың арыздары бойынша біздер тексеріс жүргізіп, айыппұлдар саламыз. Нұсқамалар береміз. Полигоның өз карьері бар. Бірақ, оны пайдаланбайды. Оған қалдықтарды сырып, тегістеп отыру керек. Бірақ ол жұмыстар жүргізілмейді.

Жалпы бүгіндері өңірдегі 488 қоқыс алаңының тек 14-і ғана ресми түрде тіркеліпті. Тағы 197-сінің жер учаскелері заңдастырылған. Ал, қалғандары қашан реттелетіні әлі белгісіз.

Азамат Бектасов – СҚО экология департаменті басшысының орынбасары:

 

– Қазір облыс бойынша, аудандарда қоқыс үйінділерінің жан-жағын жиыстыру жұмыстарын бастады. Бірақ, барлығы қашан реттелетінін уақыт көрсетеді.

Тағы оған қаржы жағы қолбайлау болатын көрінеді. Ал, жалпы жыл басталғалы 39 табиғат пайдаланушы тексеріліп, 106 заңбұзушылық анықталған. Эколог мамандар 8,2 млн теңге сомасында болатын 86 айыппұл салған. Олардың 90 пайыздан астамы бүгіндері өндіріліп алыныпты. Тағы қоршаған ортаны ластаудың 13 фактісі тіркеліп, келтірілген 3 млн теңгеден астам залалды өтеу туралы талап қойылды. Соның жартысынан астамы қайтарылған.

Мағжан Ахмадина