Әр түрлі

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Солардың бірі – ішкі сараптама жұмыстары. Осындай шаруаны 2016 жылы облыстық мәдениет, архив және құжаттамалар басқармасы жүргізген. Ал, биыл облыс орталығындағы 3 театрда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары сыртқы сараптама жасаған.

Елена Степаненко – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:


–  Сараптама нәтижесінде бірқатар фактілер анықталды. Ол – бюджеттік қаржыны дұрыс пайдаланбау, еңбек кодексін бұзу және мәдени ошақтарда көркемдік кеңес қағаз жүзінде ғана жұмыс істеген, тағы негізсіз сыйақылар тағайындау мен залдарды жалға беру кезінде қайшылықтар тіркелген.

Осы ретте қоғамдық кеңес мүшелері сауалдарын жаудырды. Олар жалға беру бағасын кім және қалай тағайындайтындығын сұрастырды.

Зәуре Нұрмұқанова – СҚО мәдениет, архив және құжатттамалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

 


–  Ережеге сай, бағалар пресс курантын мекемедегілер тағайындайды. Олар өз шығындарын есептеп, бағаны өздері белгілейді. Кейін оны кәсіпорын басшысы бекітеді. Біздер мәдени ошақтарды басқарып, үстінен қарайтын басқарма болғандықтан әрине бақылау жүргіземіз. Ондай фактілер бар, оны жасырмаймыз. Өйткені, жұмысымыз шығармашылықпен байланысты
.

Осындай олқылықтарды түзету үшін оларға ұсыным жасалыпты. Айтылған ұсыныстарды қаперге алған мәдени ошақ басшылары бүгіндері қателіктерін түзетіп үлгерген. Тағы олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтіпті.

Магжан Ахмадина