Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК шымкенттің “Қыран” командасын тізе бүктірді

Бұл голдан кейін “Қыран” ойыншылары жіберген есені қайтаруға кірісті. Алайда, қызылжарлық қорғаушылар қарқынды шабуылдарына төтеп берді. Осылайша, бірінші тайм аяқталып, командалар 15 минуттық үзіліске тарқасты.
Ойынның келесі бөлігі де қызыққа толы болды. Теріскейліктер оң жақ қапталдан әдемі шабуыл жасап, шымкенттіктерді қапы қалдырды. 49-шы минутта тағы да сол Бошко Ступич маусымдағы 12-ші голын соқты.

Осылайша, теріскейлік шабуылшы сұрмергендер кестесінде жеке дара көш бастады. Ал, “Қыран” ойыншыларының екінші демі тек матчтың соңына таман ашылды. 87-ші минутта Нұрсайын Жолдасов шымкенттіктердің жалғыз голын соқты. Осы қарқында матчта өз мәресіне жетті. Қорытынды есеп: 2-1, “Қызыл-Жар СҚ” командасының пайдасына шешілді.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК капитаны:


–  Қазір бізде өте ауыр кезең жүріп жатыр. 4 ойынды қатарынан үйде өткізуіміз керек. Әрине, жанкүйерлер тарапынан да қысым байқалады. Олар жеңісті талап етеді. Біз қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз. Осы 4 ойында жеңіске жетсек, міндеттің 90 пайызын орындаймыз.

Кезекті жеңістен кейін теріскейліктер 29 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Енді жерлестеріміз тамыздың 19-ы күні оңтүстікқазақстандық “Мақтааралмен” кездеседі. Ойын “Қарасай” стадионында сағат кешкі бесте басталады.

Риат Шони