Мәдениет

Петропавлда Шал ақын ауданының мәдениет күндері аясында гала-концерт өтті

Маржан Таушарова – Шал ақын аудандық музейінің экскурсия жетекшісі:

– Жалпы бүгін біздің көрмеге ауданымыздың тұғырлы тұлғаларымыз бойынша көрме әкеліп отырмыз. Сондай-ақ, аудандық кітапхана кітаптар көрмесін әкеліп отыр. Көрменің атауы “Кітапхана төзімділік аумағы” деп аталады.

Әсем табиғат пен түрлі тақырыпқа салынған картиналар. Бұл шалақындық суретшілердің бейнелеген туындылары. Бұның бәрі де мына көрмеде жайғастырылған. Сондай-ақ, Шал ақын ауданының мәдениет күндері гала-концертке ұласты. Мұнда ауданның күміс көмей әншілері мен мың бұралған бишілері дүйім жұрт алдында өнерлерін паш етті.

Дәл қазір сахна төрінде Қожамбетовтер отбасылық ансамблі Бәкір Тәжібаевтың “Туған жер” әнің домбыраның сүйемелдеуімен орындауда.

Сәлімкерей Қожамбет:

– Қазақ әндерін айтамыз. Сондай-ақ, Алтынбек Қоразбаевтың ” Туған ел” деген өлеңін. Өзім Қасым Аманжоловтың әндерін жақсы көремін.Өйткені, әділ де, қысқа да нұсқа әндер ғой.

Айта кетсек, Шал ақын ауданы өнерпаздарының гала-концерті 2 сағатқа жалғасты.

Енді дәл осындай шараны Қызылжар ауданының өнер ұжымы өткізбек. Ол қыркүйек айының 7-сі мен 8-і күндеріне жоспарланып отыр.

Тогжан Акмагамбетова