Әр түрлі

Елатом зауытының құрылғылары қолжетімді бағамен

Көп жағдайда соның салдарынан остеохондроз пайда болады. Бұл дерттен арылуға Алмаг-01 құрылғысы мол септігін тигізеді. Оны үйде де қолдануға болады.

Батима Сайдалинова – “Елатом” құрылғылар зауытының менеджері:

– Бұл құрылғының магниттік өрісі сырқыраған буынға қарай жұмыс жасап, бұлшықеттің қысылуын қалпына келтіреді. Емнің нәтижесі екі-үш процедурадан кейін байқалады. Алмаг-01 құрылғысын өзге ауруларда да пайдалануға болады. Мәселен, жүрек-қан тамырлары жүйесі, ішек-қарын жолдарының дертінде.

Ал, мынау – магниттік өріс арқылы жұмыс істейтін тағы бір аппарат. Бірақ, ол Алмаг-01 секілді әмбебап емес. Тек бас ми ауруларын емдеуге бағытталған.

Батима Сайдалинова – “Елатом” құрылғылар зауытының менеджері:


–  Алмаг-01 – ұйқысыздық, бас ауруы сынды дерттерге дауа. Аппаратта катушкалар бар, олардың әрбіріне қаптама кигізіледі. Кейін басқа тағылады.

Бұндай емдік қасиеті бар құрылғыларды теріскейліктер ең төмен бағамен тамыздың 27-не дейін сатып ала алады. Елатом зауыты аппараттарының дені әмбебап. Түрлі дерттерге дауа. Мәселен, ер азаматтар үшін “Мавит” құрылғысының көмегі зор. Ол жылу, магниттік өріс арқылы простатитті емдейді. Ал, аллергиясы барларға “Унилор” – таптырмас аппарат.

Батима Сайдалинова – “Елатом” құрылғылар зауытының менеджері:


–  Аппараттың саптамалары бар. Мынау шеке қуыстарын қыздыруға арналған. Тағы құлаққа арналғаны да бар. Егер науқасқа жылуды пайдалануға тыйым салынса, онда магнитті пайдалануға болады.

Унилор аппараты ағзаға ауыртпалық салмай емдейді. Бұны аяғы ауыр әйелдер мен бір жасқа толмаған балалар да пайдалана алады. Емдік қасиеті бар құрылғыларды Астана көшесі, 7 мекен жайы бойынша орналасқан “Мелодия здоровья” дәріханасынан сатып алуға болады.

Айгерім Ержанова