Бизнес және экономика

Булаево қаласында екінші мейрамхана ашылды

Дәл осындай ресторан ашу идеясы Валерий Мищенкоға теңіз жағасындағы отбасылық саяхаттан кейін келген.

Валерий Мищенко – «Мищенко» ЖК директоры, М.Жумабаев ауданы:


–  2010-шы жылы біз отбасымызбен теңіз жағасына демалуға бардық. Ол жақтан үлкен әсер алып қайттық. Сол көңіл-күйімізбен жерлестерімізбен бөліскіміз келді. Сондықтан, тойхананың ішін теңіз жағасында отырғандай күй кешетіндей етіп безендіруге тырыстық. Ағымдағы жылдың шілдесінде ресторанымыздың ашылу салтанаты өтті.

Тойхана жақында ғана ашылған. Десе де мұнда күн сайын келушілердің саны артып келеді. Бұл жерден ұлттық тағамдардан өзге, Еуропа елдерінің асынан дәм татуға болады.

Мария Шараховская – «Ривьера» мейрамханасының бас аспазы, М.Жұмабаев ауданы:

– Біздің ас мәзірі әр түрлі. Негізінен 8 ыстық тамақ әзірленеді. Бұдан бөлек 10-ға салат бар. Қазір көбіне көкөністерден жасалатын түріне сұраныс басым.

Валерий Мищенко тойхананы өз қаражаты есебінен тұрғызған. Ол үшін кәсіпкер 25 млн теңге көлемінде ақша жұмсапты. Бүгінде ер азамат 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Айгерім Ержанова