Мәдениет

Бәйкен Әшімовтің 100 жылдық мерейтойына орай “Ақ қайың” лагерінде іс-шара ұйымдастырылды

Балғындарға оның атқарған қызметі мен басқарушылық лауазымдары жайлы да айтылды. Бұдан бөлек, шара барысында мемлекет және қоғам қайраткерінің ел дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесі де сөз болды.

Айсұлу Сарсенова – Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

 

– Бұл шараны Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырудамыз. Осы сынды сабақты кеше ғана “Достық” жазғы сауықтыру лагерінде өткіздік. Балаларға тарихи тұлға Бәйкен Әшімов туралы айтып, оның артына қалдырып кеткен мұраларымен таныстырудамыз.

Бәйкен Әшімов – Қазақстанда ғана емес, кезінде бүкіл одақ деңгейінде абыройлы болған кісі. Сондықтан, оның ұлағатты өмірі мен сіңірген еңбектері бүгінгі ұрпаққа үлгі болмақ. Бұндай шаралар алдағы уақытта облыстық өлкетану музейінде де ұйымдастырылмақ.

Айгерим Ержанова