Құқық қорғау органдары

Айыртау ауданының тәртіп сақшылары жарты жылда атқарған жұмыстары жайлы есеп берді

Бақытжан Жантілеуов – Айыртау аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы:


– Соңғы 7 айдың ішінде жүйелі жүргізілген жұмыстардың арқасында Айыртау ауданында 129 түрлі әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Кәмелет жасына толмаған балаларға алькоголдік ішімдіктер сатып келген 8 тұлға ұсталды. Түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз далада қыдырып жүрген 105 баланың ата-анасына тәртіптік шара қолданылды.

Айыртау ауданының полицейлері жаз бойы күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарған. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда және балалар сауықтыру лагерінде бірде-бір заңбұзушылық пен қылмыс фактілері тіркелмепті. Бақытжан Жантілеуовтің есептік кездесуіне облыстық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Райхан Әбдірахманова – облыстық мәслихат депутаты:


– Жиын барысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, инспекторлардың кәмелет жасына толмағандармен жұмысын талқыладық. Кейбір тұстарда көмегіміздің қажет екенін аңғардық. Ауданға автобус керек екен. Онымен мектеп-интернатының оқушыларын аудан орталығындағы мектепке
тасымалдамақшы.

Депутаттар мен тәртіп сақшыларының ойынша, осындай көшпелі отырыстар барлық тиісті органдармен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Берік Қасен