Білім

Жыл басынан М.Жұмабаев ауданына 8 жас маман келген

Мұрат Смағұлов – демалушы:

– Мен 6-шы сыныпқа көштім. 5-ші сыныптан біз ағылшын тілін оқимыз. Маған шет тілін үйрену қиынға соғуда. Қазір мен үйірмеге барып жүрмін.

Ағылшын тілі үйірмесін демалушыларға жас маман Әсемгүл Жұмабаева жүргізеді. 23 жасар мұғалім оқуын бітіре салысымен өзінің туған жері – Октябрь ауылына ойланбастан келген. Қазір нәзікжанды аталған елді мекендегі оқушыларға сабақ береді.

Әсемгүл Жұмабаева- – жас маман:

– Мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналастым. Бұл бағдарлама жас мамандарға үлкен мүмкіншіліктер береді. 01:54/ Бұл бағдарламаның аясында мен 150 мың теңге алдым. Бұл жастарға өте жақсы қолдау.

Алдағы уақытта Әсемгүл Жұмабаева өзінің тіл орталығын ашсам дейді. Өйткені, ол ана тілінен басқа орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген. Жалпы ағымдағы жылы ауданда Әсемгүл сияқты “Дипломмен ауылға” бағдарламасымен 8 маман келген. Оның 7-уі педагог болса, біреуі – дәрігер. Барлығы да мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмекке ие болған.

 

Айгерим Ержанова