Мәдениет

Петропавлда тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті

Ботагөз Тағұдретова – СҚО білім басқармасының бас маманы:

– Биылғы жыл ерекше. Себебі, үлкен тың жобалар, түрлі іс-шараларды жүзеге асыратын уақыт келді. Ол жұмыстың барлығы “Рухани жаңғыру” бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Жалпы тәрбие және білім бағдарламасы бойынша 4 базалық жоба жұмыс істейді. Олар: “Өлкетану”, “Отаным-тағдырым”, “Саналы азамат”, “Кітап-білім бұлағы”. Әрқайсысының өзіндік мақсаттары мен міндеттері бар.

Бүгінде аталған бағдарламалар білім ошақтарында іске асырыла бастады. әл-Фараби мектеп-лицейінің ұжымы «Өлкетану» базалық жобасы аясында бірқатар шаруалар тындырған. Оқушылармен аудан-ауданды аралап, тарихқа толы елді мекендерде эксурсияда болған.

Күлімкөз Смаилова – әл-Фараби мектеп-лицейінің директоры:

– 6 ауданды араладық. Түрлі ауыл-аймақта болып, тарихи мекендермен таныстық.

Бұдан бөлек, солтүстікқазақстандық 28 оқушы маусым айында еліміздің Шығыс өңірін аралап, Семейдің тарихи нысандарымен танысты. Дастан Әбілмажинов Ұлы Абайдың туған жерін аралап келгендердің қатарында.

Дастан Әбілмажинов – Петропавл қаласы №2 орта мектебінің оқушысы:

– Абай Құнанбаевтың туған жерінде, оның музейінде болдық .Бізге өте ұнады.

Дәл осындай экскурсиямен қазір 15 оқушы Оңтүстік және Ақмола облыстарында жүр. Айту керек, жиын соңында өңір педагогтары жаңа оқу жылына құрған жоспарларымен бөлісті.

 

Айгерим Ержанова