Көлік және жолдар

Биыл Петропавлдағы 8 көше орташа жөндеуден өтті

Серік Бегалимов – Театр көшесі, 33-үйдің тұрғыны:

– Облыс әкіміне 30. Су жоқ. Қиыршық тас көп рахмет бір күнді бәрін істеп берді.

Жергілікті билік қала тұрғыны Владимир Востровтың да өтінішін аяқсыз қалдырмапты. Қария Уәлиханов көшесіндегі 6-үйде тұрады. Көктем келіп қар ерігенде бұл маң батпақ болатын дейді ол. Қазіргі көрініс тіпті басқа.
1900 шаршы метрге асфальт төселген. Көрші үйдің балалары жаңа орнатылған алаңқайға ойнауға келеді екен.

Владимир Востров – “Фиалка” ПИК төрағасы:

– Барлық тұрғындар қуанып жатыр. Көптен бері айтып келген аулаішілік жол жөнделді. Кешке қарай кішкентайлар толып жүреді. Көрші үйдің балалары осында жиналады.

Биыл облыс орталығында 100 аулаішілік жолдың 70-і қалпына келтіріліпті.

Аман Рахимжанов – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі секторының инспекторы:

– Үстіміздегі жылы қаладағы 8 көшені орташа жөндеу жоспарланған. Соның 7-уі орындалды. Қалыпқа келтірілген жолдардың бойына жаңа бағдаршамдар мен аялдамалар орнатылды. Ескі бордюлар жаңаларына ауыстырылды.

Үстіміздегі жылы қалада балалар алаңқайының 45-ін орнату жоспарланған. Соның 37-сі тұрғызылыпты.

Берік Қасен