МТРА жаңалықтары

Халыққа қызмет көрсету орталығында қанатқақты жоба іске қосылды

Қарлығаш Садриева – “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы – “ХҚКО” департаментінің құжаттарды қабылдау жөніндегі маманы:

 

– Қазіргі таңда электрондық үкімет порталы арқылы телефон нөміріне жіберілген бір реттік парольдің көмегімен 30 мемлекеттік қызметті алуға болады. Ол үшін ХҚКО оператор көмегіне жүгініп немесе egov.kz порталы арқылы авторизациядан өтіп, өзінің жеке телефон нөмірін тіркеуі қажет.

Тіркелгеннен кейін, қалаған уақытыңызда электрондық үкімет порталына кіріп, кез келген қызмет түрін таңдаңасыз болады. Бұндай жаңашылдық солтүстікқазақстандықтар үшін өте ыңғайлы болмақ. Қала тұрғындарының айтуынша, діттеген жеріне жетіп, керек құжатты алуға кем дегенде бір сағатқа жуық уақыт кетеді екен. Мәселен, Алтын Бекешева халыққа қызмет көрсету орталығына жұбайымен келіпті. Бірнеше минут кезекте тұрған соң, олар зейнетақы туралы анықтамаға қол жеткізді. Ал, бұл құжатты үйден-ақ алуға болатынын естіген ол, порталға міндетті түрде тіркелемін деп отыр.

Алтын Бекешева – қала тұрғыны:

– Жұбайымның зейнетақысы туралы анықтаманы алуға келдік. Оны енді үйден де алуға болады екен. Барлығын түсіндіріп берді.

Гүлнәр Исимбаева – қала тұрғыны:

– Мекенжай анықтамасын алуға келдім. Сонда оператор жаңашылдық жайлы айтып берді. Енді солай істейтін боламын.

Қанатқақты жобаға жыл басынан 12 мың солтүстікқазақстандық қосылған. Ал, шілденің өзінде бір реттік құпиясөзді қолдану арқылы 200-ге жуық жеке және заңды тұлғаларға түрлі қызмет көрсетілген.

 

Эльмира Садвокасова