Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Иваненко” ЖК омарташылары жылына 1,5 тоннаға дейін бал өндіреді

Бал өндіруді Павел Иваненко осыдан 3 жыл бұрын қолға алған. Бұл жұмысты бастау үшін ол мемлекеттің көмегіне жүгініпті. Ол 1 млн теңге көлемінде несие рәсімдеп, аталған сомаға 30 пакет ара мен керекті құрылғыларды сатып алған.

Павел Иваненко – «Иваненко» ЖК директоры:

– 2014-ші жылы ара шаруашылығымен айналысу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы несие рәсімдедім. Оған мен карпат араларын сатып алып, бал өндірумен айналыса бастадым. Биыл тағы оңтүстік араларын алдым. Дайын тауарды облыс бойынша саудалаймыз.

Қазір ара шаруашылығы Павекл Иваненконың отбасылық бизнесіне айналған. Оның ұл-қыздары мен күйеу балалары да әкелеріне бал өндіріп алуға қолғабыс етуде.

– Міне, дәл осы жерде омарташылар дайын өнімді өндіріп алады. Мынадай бір тақтайшада шамамен 3 келі бал бар. Оны шығарып алу үшін тазартып, кейін оны арнайы қондырғыға орнатып құйып алады.

Мұндай жұмысты омарташылар әр он күн сайын жүргізіп тұрады. Әр келген сайын олар бір отбасы арадан 300 литрден астам бал алады.

Мария Иваненко – «Иваненко» ЖК омарташысы:

– Біз мұнда 7-10 күнде бір рет келіп, дайын өнімді алып кетеміз. Бір жылда 1,5 тоннаға жақын бал аламыз. Балымыз түйежоңышқа гүлінен жасалады.

Келер жылы омарташылар араларды 60 отбасыға дейін көбейтуді жоспарлап отыр.

 

Айгерим Ержанова