МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Кәсіпорындарға сапа менеджментін ендіру бойынша” семинар өтті

Әсіресе, маман өткен жылдың күзінде қабылданған ISO 37001 – парақорлықпен күресу менеджмент жүйесі. Оның талаптары және қолдану басшылығы” жайлы айтты. Аталған жаңашылдықты әлі еліміздегі ешбір өндіріс ошағы қолданбапты. Бұл бағдарлама арқылы жемқорлықтың алдын алуға болады және кәсіпорындардың шығыны мен кірісін тиімді қадағалауға мүмкіндік береді. Тегін семинар 1 күнге созылды. Шара соңында қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

Светлана Әбілсейітова – “Республикалық сертификаттау орталығы” ЖШС бас директоры, Астана қаласы:

– Бұл жүйені өткен жылы Халықаралық стандартау ұйымы бекітті. Жаңашылдықты жүзеге асыруға 26 елдің өкілдері ат салысты. Бір жыл ішінде дүние жүзінде 1,5-2 трлн доллар пара беріледі екен. Бұл, әрине көп ақша. Сол себепті, жемқорлықты болдырмау мақсатында осындай стандарт қабылданды.

 

Култанов Байболат