Құқық қорғау органдары

Мамлютка қаласында 9-шы сынып оқушысы тоққа түсті

Тез арада тоқ сөндіріліп, оқушы бағанадан түсіріледі. Кейін ауруханаға жөнелтіледі. Абырой болғанда, жасөспірімді тек күйік шалған. Телефонында өміріне қауіп келтіріп жасаған сэлфиі де сақталмады. Қазіргі таңда оқушының жағдайы бірқалыпты.

Қадырбек Исин – Мамлют аудандық ІІБ ЖПҚ аға учаскелік инспекторы:

– Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Олар сэлфи жасамақ болған жасөспірімнің Мамлютка қалалық орта мектебінің 9-шы сыныбында оқитынын анықтады. Қазіргі таңда оның жағдайы қалыпты. Терісінің 3 пайызына зақым келген.00130.

Бұл оқиға енді сән қуған жасөспірімдер үшін сабақ болмақ. Себебі, сэлфи жасаймын деп көптеген жастар түрлі қауіп-қатерге барады. Бұның барлығы тек бір әдемі кадр үшін ғана. Осыған байланысты ата-аналар өз балаларына көз қырын салып жүрулері қажет.

 

Риат Шони