Мәдениет

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмалар орындалуда

Зәуре Қартова – тарих ғылымдарының кандидаты, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих, экономика және құқық факультетінің деканы:

– Латын ғарпіне көшудің саяси және философиялық себебі бар. Осы арқылы түркі әлеміне жақындау мүмкіндігі қарасрылыған.

Спикерлердің пайымынша, латын әліпбиіне көшудің пайдасы көп. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты туындап отырған қажеттілік. Мектепте балалар ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан жас буын үшін бұл үрдіс ешқандай қиындық тудырмайды.

Орхан Сойлемез – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ интернационалдандыру жөніндегі проректоры:

– Ағылшын тілін білу маңызды. Балаларым ағылшын, түрік және италия тілдерін меңгеріп жүр. Оған мен қуанамын.

Жиын барысында “100 жаңа есім” жобасы туралы да айтылды. Қазіргі таңда осы бойынша өңірімізде жұмыстар атқарылуда. Аталмыш жобаға тәуелсіздік жылдары елге елеулі еңбек сіңірген тұлғалар таңдалып алынады. Үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.

Берік Қасен