Әр түрлі

Балалар халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінен оралды

Максим Красиков – Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

– Бір күндік бағдарлама барысында барлық павильондарды көріп қайттым. Әрқайсысында қызықты жерлер көп. Негізінен, Африканың павильонынан мол әсер алдым. Халықаралық көрмені аралағаныма өте қуаныштымын.

Татьяна Мурзина – Облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

– Маған Қазақстанның павильоны қатты ұнады. Онда өте қызықты болды. Түрлі механизмдер мен энергия көздерін көріп, таң қалдым.

Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесінен бөлек балалар елорданың әсем жерлері мен зәулім ғимараттарын тамашалауға мүмкіндік алыпты. Осындай саяхатты балаларға “Севказэнерго” АҚ ұйымдастырған екен.

Лилия Шерина – “Севказэнерго” АҚ жетекші маманы:

– Біз “Орталық-Азиялық отын-энергетикалық корпорациясы” АҚ 20 жылдық мерейтойына орай түрлі шаралар өткізіп жүрміз. Осының аясында ЭКСПО -2017 көрмесіне жолдамалар қарастырылған. Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісінен бөлек “Севказэнерго” мекемесінің 370 қызметкері мен сала ардагерлерін елордамызға тегін саяхатқа жіберудеміз.

Айта кетсек, “Севказэнерго” акционерлік қоғамының 50 қызметкері тамыздың 11-і күні ЭКСПО көрмесіне аттанбақ.

Тогжан Акмагамбетова