Спорт

Жергілікті боксшы Евгений Павлов халықаралық турнирден жүлделі оралды

Кейін, Испания, Украина елдерінің спортшыларын ұтқан. Өкініштісі, жерлес былғары қолғап шебері финалдық сында америкалықпен жұдырықтаса алмады. Себебі, ұйымдастырушы тарап қазақстандық жастың визасын дұрыс рәсімдемеген. Сол себепті, Евгений елге уақытынан бұрын оралуға мәжбүр болған.

Евгений Павлов – бокстан ҚР спорт шебері:

– Ең қиын кездесу италиялық боксшымен болды. Екінші раундта маған соққы дарытып, нокдаун алдым. Дегенмен, барымды салып жеңдім. Финалда өнер көрсетер едім. Бірақ, менің визамның уақыты 4-ші тамызға дейін ғана болды. Ал, шешуші сын 5-і күнге жоспарланған. Сол себепті, мен күміс жүлдені қанағат тұттым.

“Бранденбург кубогы” жылда өтеді. Биыл ірі жарысқа 20 елдің үздік боксшылары қатысқан. Бәсекеде еліміздің намысын 5 жас былғары қолғап шебері қорғапты. Олардың 3-еуі қола жүлдеге ие болған. Тек, Евгений Павлов үздік нәтиже көрсетті.

Денис Языков – бокстан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы:

– Мен Евгенийді 8 жылдан бері жаттықтырамын. Өте дарынды бала. Кездесу барысында барлығын саралай біледі. Қай уақытта соққы жұмсауды меңгерген. Болашағынан зор үміт күттіретін спортшы. Енді, алдағы жарыстарға дайындаламыз.

Айта кетейік, Евгений Павлов – бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, жастар арасында өткен әлем біріншілігінің қатысушысы. Енді, боксшымыз қыркүйек айында Ресейдің Омбы қаласында өтетін бәсекеге дайындалмақ. Кейін, ел біріншілігінде бақ сынайды.

Култанов Байболат