Ауыл шаруашылығы

Ғалымдар мал, құс шаруашылығын дамытуға үлес қосуда

Бекет Иманқұлов – “Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС бас директорының орынбасары:

– Біздің ғалымдар малды зерттеп, асыл тұқымдыларын іріктеп аламыз. Асыл тұқымды бұқалардың ұрықтарын әкеліп, тайыншаларды қолдан ұрықтандырамыз. Осындай жұмыстардың арқасында малдың өнімділігі жоғарылай береді.

Осы тектес жұмыстар жылқы, ұсақ малдардың арасында жүргізіледі. Бекет Иманқұловтың айтуынша, аталық пен аналық ізді дұрыс таңдаған жағдайда жақсы төл алу мүмкіндігі жоғары болады. Қазіргі таңда ғалымдар қазақтың ақ бас сиырынан тараған тұқымдардан екі аталық ізді селекциялық әдіспен шығарып жатыр.

Бекет Иманқұлов – “Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС бас директорының орынбасары:

– Қазақ ақ бас сиырынан тараған тұқымдардан етті бағыттағы екі аталық ізді шығарып жатырмыз. Олар салмақты тез жинайды.

Сүтті және етті бағыттағы мал салмақ қосу үшін олардың жем-азығына да ерекше көңіл аударған жөн. Институт мамандары жыл сайын шөпті жинап алу және оны сақтау тәртібі бойынша фермерлерге кеңес береді.

Бекет Иманқұлов – “Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС бас директорының орынбасары:

– Жем-азық дақылдары жинап алу мен оны сақтау тәртібі бар. Оны ғалымдар өңір агрономдарына жиі айтып тұрады.

Ғалымдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қызмет көрсететін зертханалары бар. Сиыр сүтінен 16 түрлі сынама алып, малдың ауруларын ерте сатысында анықтайды. Сонымен қатар, Сібір жарасы мен құтырма дерттеріне ұдайы мониторинг жүргізіп тұрады. Биыл институт облыстық маңызы бар екі жобаны жүзеге асыруда. Бірі замануи биотехнологиялық әдістің көмегімен сүтті бағыттағы сиырлардың өнімділігін арттыру, екіншісі, қаз фермаларына иннновациялық технологяиларды енгізу деп аталады. Аталмыш жобаларға 11 млн теңге бөлінген.

Бекет Иманқұлов – “Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС бас директорының орынбасары:

– 55 жылдық ішінде жинақтаған технологияларымызды бірте бірте қолданысқа енгіземіз. Уфақаласынан әкелінген қаздың балапандарын өсіріп жатырмыз. Олардың жайылатын өрісіне дәруменге бай шөп өсіреміз.

Қазіргі таңда ауылды жерлерде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып жатыр. Бүгінде 10 мың солтүстікқазақстандық аталмыш бірлестікке бірікккен. Олар қазір мемлекеттік бағдарламаларға жүгініп, мал басын асылдандыруға бағыт алуда. Осы ретте қарапайым тұрғындарға ғалымдардың кеңесі мен көмегі ауадай қажет.

Берік Қасен