Әр түрлі

Технодом дүкенінің Петропавлдағы желісі қалада алғаш рет экоакция ұйымдастырды

Тазалықты сүйетін жандардың бірі – Әсем Құсайынова. Нәзікжанды – “TECHNODOM” дүкенінің есепшісі. Бүгін ол да өз әріптестері секілді тазалық акциясына қатысып жатыр. Қолына қапшық алып, жерде шашылып жатқан қоқысты жинау үстінде.

Әсем Құсайынова – “TECHNODOM” дүкенінің есепшісі:

– Менің ойымша, біз сауабы мол игі іс жасап жатырмыз. Осы аумақта қоқыс көп екен. Бірақ, барлығын жинауға тырысамыз. Барлық қалалықтарды да осындай акцияға қатысуға шақырамын.

Технодом дүкенінің Петропавлдағы желісі бұндай экоакцияны алғаш рет өткізіп отыр. Бұл жер де жайдан-жай таңдалған жоқ. Жақын маңда “Гудок” бау-бақша қауымдастығы орналасқан. Көбіне сол жақтағылар рұқсат етілмесе де қоқысты әкеп осында төгеді. Сол себепті, табиғатты сүйген бір топ жан оны керексіз қалдықтардан тазалауға кіріскен.

Борис Семикопенко – “TECHNODOM” дүкенінің Петропавл қаласы бойынша менеджері:

– Бұндай акция еліміздің барлық қалаларында өтіп жатыр. Ал, біз өзімізде алғаш рет ұйымдастырып отырмыз. Негізі біз таза экологияны қолдаймыз. Сол себепті, қазір тауарды салғанда целлофан пакеттерді емес, қағаздан жасалғандарын пайдаланамыз. Оларды лақтырып тастағанның өзінде, қоршаған ортаны ластамайды. Сонымен қатар, қалада техникалық қалдықтар тастайтын қоқыс жәшіктерін де орнатып жатырмыз.

Жалпы ел бойынша былтыр Технодом дүкенінің 441 қызметкері экоакция ұйымдастырып 3 тоннаға жуық қоқыс жинаған.

Риат Шони