Спорт

Солтүстікқазақстандық каратэшілер ашық Еуропа чемпионатынан жүлделі оралды

Данияр Қаппасов – киокушинкай каратэден Еуропа чемпионы:

– Грузин спортшысымен өткен кездесу қиын болды. Екеуміз екі раунд бойы төбелестік.

Жарыста Даниярдан бөлек ағайынды Константин мен Михайл Шальковскийлар да жақсы өнер көрсетті. Бірі – алтын, екіншісі күміс медаль иеленді. Жасөспірімдердің шинкиокушинкай каратэмен айналысқандарына 5 жылдың жүзі болыпты.

Константин Шальковский – киокушинкай каратэден Еуропа чемпионы:

– Мені каратэ үйірмесіне әкем әкелді. Бұл спорт түрімен айналысқаныма өкінбеймін. Ағаммен жаттығуды босатпаймыз. Үнемі жаттықтырушының айтқанын, көрсеткен тәсілдерін үйренуге тырысамыз. Еуропа чемпионатында 3 спортшыны ұттым. Олар маған айтарлықтай қарсылық танытқан жоқ.

Жарыстан жуырда келген жерлестеріміз сәл демалмақ. Кейін, тағы дайындықты бастайды. Олар қазан айында өтетін ҚР кубогы бәсекесіне қатысуды көздеп отыр. Айта кетейік, киокушинкай каратэден 7-ші ашық Еуропа чемпионаты шілденің соңында Румынияның Сибиу қаласында ұйымдастырылды. Додаға әлемнің 15 елінен келген 500-ге жуық спортшы қатысыпты.

 

Култанов Байболат