Әр түрлі

“Қазақтелеком” АҚ СҚОФ өкілдері акция жүлдегерлерін марапаттады

Максим Исаков – «Қазақтелеком» АҚ СҚОФ коммерциялық директорының орынбасары:

– Биыл біздің компания “Супертелефон”, “Сандық телевизия”, “Алтел, Теле2 ұтқыр нөмірлеріне шектеусіз қоңырау соғу” пакеттерін іске қосты. Осы мүмкіндіктерді пайдаланған азаматтар арасында ұтыс ойынын өткіздік. Абоненттер “VIP-отбасы”, “Табысты отбасы”, “Зачетный интернет” және “Қауіпсіз ғаламтор” акцияларына қатысты. Шараның жүлдесіне 29 жерлесіміз ие болмақ. Бұл жандардың барлығын арнайы бағдарлама арқылы компьтер таңдап берді.

Сонымен, жүлдегерді марапаттайтын сәт те жетті. Жерлестеріміздің арасында өңір аудандары мен Петропавл қаласының тұрғындары да бар.

Сонымен, сыйлықтар иелеріне табысталуда. Жүлдегерлерің көбіне смарт сағаттар берілді. Ал, мына, “Samsung Galaxy” А3 ұялы телефонына Есіл ауданының тұрғыны Наталья Бисерова ие болды. Нәзік жанды осыдан 2 ай бұрын құны 6999 теңге тұратын Қазақтелекомның “VIP” пакетін қосыпты. Қазір жерлесіміз жылдамдығы жоғары ғаламтор мен сандық телевизияны оңай пайдаланып отыр.

Наталья Бисерова – акция жүлдегері:

– Арнайы пакетті қосқаныма өкінбеймін. Қазір теледидардан кез келген арнаны қарай аламыз. Акцияның жүлдегері болғаныма қуаныштымын. Шынымды айтсам, бағалы сыйлық ұтып аламын деп ойлаған жоқпын.

Ал, “SMART TV” теледидарды тайыншалық Раиса Любченко жеңіп алды. Жерлесіміз алыс ауданнан марапаттау жиынына келе алмапты. Енді, бас жүлдені компания мамандары иесіне жеткізіп бермек.

 

Култанов Байболат