Бизнес және экономика

Петропавлда екі үйдің құрылысы аяқталды

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Мұндағы пәтерлер, әзірге өз иелерін күтіп бос тұр. Мен жүрген мына екі бөлмелі баспананың аумағы 47 шаршы метрді құрайды. Бағасы – 7 млн теңге.

Қазір барлық ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған. Үйдің ауласы абаттандырылып жатыр. Мұндағы 3 бөлмелі пәтердің аумағы – 60 шаршы мтер, бағасы 9 милион теңге. Мұндай пәтерден Дамир Темірғали дәмелі. Азамат – тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 3 жылдан бергі салымшысы. Мемлекеттік қызметте жүрген ол баспана бағасының 30 пайызын жинап қойған. Енді, жолы болып пәтерге қолы жетсе ауылдағы ата-анасын көшіріп әкелмекші.

Дамир Темірғали, салымшы:

– ҮШ бөлмелі үй аламын. Ата-анаммен көшіп келемін.

Ал, құрылысы аяқталған екінші үй Береке ықшам ауданында Гастелло 38 мекен жайында орналасқан. 70 жанұяға шақталған. Екі баспанаға да өтініш қабылдау бүгін, яғни 4-ші тамызда басталды. Бір күн өтпей жатып-ақ, 22 петропавлдық өтініш беріп үлгерген.

Жанар Жанмұрзина – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– “Нұрлы жер” бағдарламасының аясында тұрғызылған 2 нысанға өтініш беру 30 тамызға дейін жалғасады. Семашко 11 В мекен жайындағы баспананың бір шаршы метрі – 135 000, ал, Гастелло 38-де 125 000 мың теңге тұрады. Өтініштерді “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады.

Жыл басталғалы бері облыс орталығында “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы 4 көпқабатты баспана пайдалануға берілген. Тамыздың соңына таман құрылысы аяқталғалы тұрған тағы бір 75 пәтерлі үйге байқау жарияланбақ.

 

Акбопе Танирберген