Қоғам

Облыс бойынша 90-ға жуық қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеуде

Рашид Надиров – ҚХА жанындағы СҚО қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы:

– Бұл елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан жоба. Ол қызметкерлерге түрлі шешімін таппай жүрген мәселелерді біржақты қылуға септеседі.

Қазіргі таңда облыс бойынша 90-ға жуық қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істеуде. Ендігі кезекте басымдық өндіріс ошақтарына берілмек. Жұмысшылар аталмыш ұйым арқылы туындаған мәселелерін шешетін болады. Мәселен, уақытында еңбек демалысына шыға алмаған, қызметінен орынсыз босатылғандар кеңес көмегіне жүгіне алады.

Светлана Масаева – “Петропавл Кондитер” ЖШС бас технологы:

– Кәсіпорындағы қызметкерлерге өз жұмыс орны ұнаса дейміз. Сондықтан, оларға әрдайым жақсы жағдайлар жасалады. Және өздерін құқықтық жағынан қорғалған азамат ретінде сезінгенін қалаймыз. Бұған қоғамдық келісім кеңесінің қосар үлесі зор болмақ.

Дәл осындай ұйым “Қызылжар су” серіктестігінде 1 жылдан астам жұмыс істеуде. Атап өту қажет, ол – өндіріс ошағы арасында құрылған қоғамдық кеңестердің ең алғашқысы. Бүгінде аталған ұйымның араласуымен 1000-ға жуық жұмысшысы бар кәсіпорынның ішіндегі жұмыс жеңілдетіліп, бірқатар сұрақтар өз шешімін тапқан екен.

 

Эльмира Садвокасова