МТРА жаңалықтары

ХҚКО-ның мамандарына 5 шағым түсті

Евгений Зубков – Мамандандырылған ХҚКО бөлімінің жетекшісі:

– Біздің орталықта келушілер өз беттерінше де керекті қызмет түрлерін ала алады. Бұдан бөлек, келушілер «Коннекшн пойнт» бұрышына келіп, мобильді тіркеуге тұруға мүмкіндіктері бар. Яғни, кейін олар барлық қызметті телефон арқылы ала алады. Бұл өте ығайлы.

Орталыққа келушілердің қатары қалың. Мамандар қызу жұмыс істуде. Десе де, қалалықтар тарапынан түсіп жатқан шағымдар да баршылық. Мәселен, мамыр мен маусым аралығында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментіне 5 адамнан өтініш келіп түскен. Нәтижесінде, мамандар жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырып, олқылықтарды анықтаған.

Еркін Жақсылықов – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы басшысының міндетін атқарушы:


–  5 өтініштің 4-уі бойынша біз жоспардан тыс тексеріс ұйымдастырдық. Осылайша, мамандар бізге түскен екі шағымның жазылуына себеп болғанын растады. Тұрғындар бізге нарколог және психиатр дәрігерлердің жұмыс орындарында болмайтындығын айтты. Шынымен, біз барған күні олар қызметтеріне 15 минут кешігіп кіріскен. Бұл олқылықтары үшін олар жауапқа тартылды.

Бүгінде мұндай келеңсіз жайттарды жою мақсатында мамандандырылған ХҚКО келушілерден сауалнамалар алынып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда.

Айгерім Ержанова