Денсаулық сақтау

Елімізде медициналық ұйымдардың бірыңғай реестрі құрылады

Тұрғындарға қызмет көрсететін ұйымдар бір рет бірыңғай реестрге тіркеліп, үштен бес жылға дейін алаңсыз жұмыс істей алады. Олар ең алдымен комиссияның сынағынан өтіп, одан кейін барып сақтандыру қорының ортақ базасына енгізіледі. Мобильді жүйе осы күзде іске қосылады.

Гордеева Лариса – “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:


– Ауруханалар мен емханалардағы қызмет түрлері бірыңғай базаға енгізіледі. Базаға тіркелу үшін бар-жоғы мемлекеттік тіркелу жөніндегі куәлік пен лицензия керек. Ортақ базаның құрылатын күні бейінді министрлік пен денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында жарияланады.

Бірыңғай реестрге тұрғындардан көп шағым алған жеке меншік емханалар енбейді. Қор мамандары жұмысына адал ұйымдарды таңдап алады. “Айнакөз көз орталығы” офтальмологиялық емханасы мемлекеттік тапсырысты 18 жыл бойы орындап келеді. Мекеме дәрігерлері күніне 100 адамды қабылдайды.
Сәбилер мен ересектердің көздеріне ота жасайды.

Любовь Леонтьева – “Айнакөз көз орталығы” офтальмологиялық емханасының бас дәрігері:

 

– Келешекте пациенттер ағыны көп болса да үлгереміз. Мамандарымыз білімдерін жетілдірген. Кабинеттер мен қондырғылар жеткілікті. Статусы анықталған өңір тұрғындарына сапалы медициналдық қызмет түрлерін көрсете аламыз. Офтальмологиялық қызметтің 100-ге жуық түрін көрсетеміз. Әзірге, қай түрі азаматтарға тегін ұсыналытанын мемлекет шешетін болады. Біз тек мемлекеттік тапсырысты орындайтын боламыз.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа жүйе қолданысқа енгізілісімен медициналық қызметтердің кең түрі барлық санаттағы азаматтарға қолжетімді болады. Қосымша ақпаратты эранда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар. 46-59-34 Бүгінде сақтандыру қорының жеке сайты бар. FMS.kz Онда нормативтік құжаттар орналастырылған.

Берік Қасен